Байден: "АҚШ Тайванды қорғауға міндетті"

twitter/WhiteHouse
Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай мен Тайвань "түбінде қосылады" деп мәлімдеген.

АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдеуінше, Тайвань Қытайдың шабуылына ұшыраған жағдайда Вашингтон арал мемлекетті қорғайды.

Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

CNN телеарнасының Балтиморда ұйымдастырған кездесуде Байденге: "Қытай Тайванға шабуылдаса, АҚШ не істейді?" деген сауал қойылды.

"АҚШ Тайванды қорғауға міндетті", - деп жауап берді Байден.

Соңғы бірнеше аптада Пекин ондаған әскери ұшақты Тайванның әуе қорғанысы анықтай алатын аймағына ұшырды. Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай мен Тайвань "түбінде қосылады" деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды