Ақмола облысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам мерт болды

zakon.kz
Түрлі дене жарақаттарымен Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, KIA Sportage автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы облыстық көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді.

Ақмола облысында тас жолда екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан 41 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты 22 қазанда Көкшетау-Қостанай тас жолында Еленовка ауылының маңында болған. Volkswagen Golf көлігін тізгіндеген 34 жастағы елордалық қарсы жолаққа шығып кетіп, рөлінде Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны болған KIA Sportage кроссоверімен бетпе-бет соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Volkswagen Golf көлігінің жолаушысы - Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарымен Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, KIA Sportage автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы облыстық көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді, - делінген Ақмола облысы ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі, "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты