Алматыда Алмалы ауданының тұрғындары биліктен ескі үйін бұзуды сұрады

zakon.kz
Райымбек көшесінде 174 жыл бұрын салынған апатты жағдайдағы қамыс үй тұр.

Алматы қаласының Алмалы ауданының тұрғындары ескі үйлерін бұзуды сұрады. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы үйді бұзуға дайын екенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл үй ескі тұрғын үйді жөндеу бағдарламасына кіреді. Үйді сүру мерзімі инвесторлардан осы учаскені игеруге өтінімдер түскен кезде нақтыланатын болады. Учаскені игеруге, бұзуға және өтемақыға байланысты барлық мәселелер ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілетін болады, - делінген басқарманың хабарламасында.

Бұған дейін Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Райымбек көшесіндегі 174 жыл бұрын салынған апатты жағдайдағы қамыс үйдің тұрғындары бірнеше жылдан бері қауіпті жағдайда тұрып жатқанына шағымданған болатын. Олардың айтуынша, төбеден су ағып, құбырлар жарылуда. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер әбден ескіргендіктен үйді пайдалануға беруден бас тартады. Тұрғындар үйді бұзып, жаңа үй салынғанын қалайды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады