Сенатта мемлекеттік басқарудағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заң жобасы қаралды

Н.Байбулин
Сенаторлар отырыс қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі заң жобасын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатпен 46 заңнамалық актіге, оның ішінде 2 кодекске және 44 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Мысалы, Ұлттық экономика министрлігі ең төменгі әлеуметтік стандарттың бірыңғай нысанын әзірлеу және бекіту функциясын өзіне алады Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолаушылар мен олардың заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарын бекітетін болады.

Депутаттардың айтуынша, заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және аса маңызды функцияларды орындауға назар аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орталық және жергілікті органдардың дербестігі ғана емес, сондай-ақ қабылданған шешімдер үшін дербес жауапкершілік те арта түсетін болады.

Сенаторлар отырыс қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады