"Даму" қоры 9 айдағы жұмыс қорытындысын жария етті

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"
Қор биыл қолдау алған жобалар мен несие қоржыны 10%-ға артады деп болжап отыр.

"Даму" қорының басшылары 2021 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысын жария етті. Қор несие сомасы 1,7 трлн теңге болатын 33,2 мың жобаға қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың 9 айы ішінде "Даму" қоры қаржы құралдарын қолдана отырып, Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпорындарының (МШОК) несие сомасы 1,7 трлн теңге болатын 33,2 мың жобасына қолдау көрсеткен. 2020 жылы Қазақстан Үкіметі кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың теңдесіз шараларын қабылдаған кезде "Даму" қоры несие сомасы 1,6 трлн теңге болатын 32,6 мың жобаға қолдау көрсетті.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" биыл қолдау алған жобалар мен несие қоржыны 10%-ға артады деп болжап отыр.

Қазақстан Үкіметі бекіткен дағдарысқа қарсы шаралар пакеті мен экономикалық өсімді қалпына келтіруға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерге "Даму" Қоры арқылы несие қоржыны 826 млрд теңге болатын 19,5 мың жоба субсидия берілді. Берілген субсидия шамамен 17 млрд теңгені құрайды.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Даму" Қоры қызмет көрсеткен жылдар ішінде қаржы құралдарын қолдана отырып, несие сомасы 8,2 трлн теңге болатын 139,9 мың ШОБ жобаларына қолдау көрсетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды