Тоқаев Атырау облысының әкімін қабылдады

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Досмұхамбетовке аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындысы баяндалды. Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, облыстағы өңдеу өнеркәсібінде, құрылыс, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес пен өзге де салаларда өсім байқалады. Аймақ жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, инвестиция және құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан республика бойынша бірінші орынға шыққан, делінеді хабарламада.

Биыл 19 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылған, жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 864 адам жұмысқа орналастырылған. Ал бүгінге дейін "Еңбек" бағдарламасы аясында 24 348 адам жұмыспен қамтылған. Биылғы 9 айда 4882 пәтерлі 646,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 41,6 пайызға көп.

Мемлекет басшысына "жасыл" аймақтағы облыстың эпидемиологиялық ахуалы және вакциналау жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, облыс әкімі экология саласы мен көгалдандыруға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 2025 жылға дейін елді мекендерде 540 мың көшет отырғызу жұмыстары басталған.

Сонымен қатар облыс әкімі Президенттің тапсырмасы бойынша Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді. Жоспар жуырда бекітілген. Бұл маңызды құжат қордаланған проблемаларды шеше отырып, өңірдің дамуына тың серпін береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Досмұхамбетовке аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді