Қазақстандық жауынгердің сүйегі елімізге жеткізілді

ҚР Қорғаныс министрлігі
Жауынгердің сүйегі әскери рәсімдерді сақтай отырып Түркістан облысы Түлкібас ауданы Алғабас ауылында қайта жерленеді.

26 қазан күні Ұлттық ұлан әскери әуе кемесі Украина астанасы – Киевтен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгер Өксікбай Бозарбаевтың мәйітін туған жеріне алып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздестіру ұйымының белсінді жұмысының арқасында Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрыс даласында қаза болған тағы бір қазақстандық сарбаз гвардия лейтенанты Өксікбай Базарбаевтың есімі белгілі болды. Офицер 39-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы, 12-гвардиялық атқыштар полкі атқыштар взводының командирі болған. Жас кезінде соғысқа аттанған ол, Украинаны азат ету жолында қаза тапқан.

Сұрапыл соғыс жылдарында қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің аттарын мәңгі есте сақтау мақсатында Қорғаныс министрлігі, іздеу ұйымдарымен өзара қызмет етуде. Осы мақсатта Қарулы Күштердің әскери-тарихи мұражайында іздестіру-экспедициялық бөлімшесі жұмыс істейді.

Жауынгердің сүйегі әскери рәсімдерді сақтай отырып Түркістан облысы Түлкібас ауданы Алғабас ауылында қайта жерленеді.

Сарбаздың сүйегі Қарулы Күштер Әскери-әуе күштерінің және Ұлттық ұланның әскери-көліктік бортымен жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді