БҚО-да тәртіп сақшысы 15 млн теңгенің малын ұрлады деген күдікке ілінді

pixabay.com
Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде

Батысқазақстандық учаскелік полиция инспекторы мал ұрлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір тәртіп сақшысының қанша малды ұрлағаны және оның сыбайластарының кім екені анықталып жатыр. Әзірге он шақты адамнан 50 малдың ұрланғаны туралы арыз түскен. Олардың барлығы - күдіктінің ауылдастары. Келген шығын 15 миллион теңгеге жуықтайды. Бір қызығы, облыстың бас полицейіне шағым түсіргеннен кейін ұрланған малдың кейбірі иелеріне қайтарылыпты. Дегенмен облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіліп жатқанын алға тартып, басқа деректерді жариялаған жоқ.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-1 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс