Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 143 млрд теңгеге өсті

zakon.kz / Максим Золотухин
2021 жылдың қыркүйек айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 137,9 млрд теңгені құрады.

Ұлттық Банк деректері бойынша, 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары 13 088,9 млрд теңгені құрап, 2021 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда, 143,1 млрд теңгеге немесе 1,1%-ға өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың қыркүйек айында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 148,5 млрд теңгеге өсіп, 6 641 млрд теңгеге жетті, дейді Ұлттық банк.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 млн шотты құрады.

2021 жылдың қыркүйек айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 137,9 млрд теңгені құрады.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 37,9% және 24,6%) алады.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған