Сенат "Бәйтерек" зымыран кешенін құру туралы заң жобасын талқылады

Е.Үкібаев
Депутаттар заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

Сенатта Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы талқыланды.

Хаттаманы ратификациялау Келісімдегі қаржылық міндеттемелер жөніндегі бірқатар жағдайға маңыз беруге және бірлескен кәсіпорындағы міндеттерді қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Құжатта сонымен қатар тараптардың "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарын 2023 жылы орта дәрежелі тасымалдағыш зымыранмен бастауға бағытталған өзара міндеттемелері көзделіп отыр.

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед заң жобасы қабылданғанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік беретіні және "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен ұшыруды қамтамасыз етудегі тараптардың міндеттері нақты бөлінетінін атап өтті.

Депутаттар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады