Италияда балаларға вакцинаны өтірік еккен медбике жазаланды

pixabay
Петрилло құжаттарды қолдан жасағаны, ұрлағаны және немқұрайдылық үшін кінәлі деп танылды.

Италия сотында 2019 жылдан бері жалғасып келе жатқан жалған вакциналау ісі аяқталды. 35 жастағы бұрынғы медбикеге 583 мың еуро айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фриули-Венеция-Джулия облысының соты Эмануэла Петриллоны негізінен балаларға егілуі тиіс 8 мыңға жуық екпені екпей қойды деп айыптады, деп хабарлайды Il Messaggero басылымы.

Бұл резонанстық іс бүкіл Италияны дүр сілкіндірді.

Сеньора Петрилло 2009 жылдан 2015 жылға дейін аймақтағы үш қаланың мемлекеттік медициналық мекемелерінде жұмыс істеді. Айыптау тарапының айтуынша, осы уақыт ішінде ол жүздеген кішкентай пациенттерге міндетті вакцинаны әдейі салмады, оның ішінде қызылшаға қарсы екпе де бар.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Бірақ сонда да әйел Friulian Health Company мекемесінің пайдасына жарты миллион еуродан астам айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Бұрынғы медбикенің қылмыстық әрекеті қарапайым қан анализінен кейін белгілі болды, балаларда вакцинаға иммундық жауап жоқ екен. Оның 159 пациентінің 153-інде қызылшаға қарсы иммунитет жоқ.

Петрилло құжаттарды қолдан жасағаны, ұрлағаны және немқұрайдылық үшін кінәлі деп танылды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды