Мәжіліс Салық кодексіне өзгерістерді талқылайды – Нығматулин

Ж.Жұмабеков
Құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттік аражігін ажырату керек.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Палата депутаттары жалпы отырыста Салық кодексіне және оны қолданысқа енгізу туралы Заңға өзгерістерді бірінші оқылымда талқылайды.

Парламент депутаттары әзірлеген бұл құжат камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық дауларын реттеудің міндетті сотқа дейінгі тәртібін енгізуді ұсынады.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарамақ.

Бюро отырысында депутаттар назарына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылды. Олар: Қазақстанның Қырғыз және Тәжікстан елдерімен әскери-техникалық көмек көрсету және Тәжікстанмен тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімдері.

Сондай-ақ, Палатаның алдағы жалпы отырысына екінші оқылымда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы, Қылмыстық кодекске өлім жазасы мәселелеріне қатысты заң жобалары ұсынылмақ. Осы ретте дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері туралы заң жобасы да екінші оқылымда қаралады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды