Жамбыл облысында жарылыстан қаза тапқандардың отбасына қандай көмек берілді

Жамбыл облысы әкімдігі
Қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, мемлекеттік уәкілетті органдарға қаза тапқан азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарылыс салдарынан қираған 176 нысанның бүгінде 173-і қалпына келтірілді. 35 тұрғын үй, 10 комерциялық нысан, 2 мектеп пен 1 дәрігерлік пункт пайдалануға берілді. 2 коммерциялық нысанның және Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелді, - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

- Қайнар ауылында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, үйлерге газ, су берілді.

- қайта қалпына келтіру жұмыстарына Үкімет резервінен 1,2 млрд теңге бөлінді және демеушілер есебінен 102,3 млн теңге жұмсалды.

- қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 15 млн теңгеден материалдық көмек көрсетілді.

- қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды