Геннадий Головкин: Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеттік

instagram.com/gggboxing
Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар бес медаль жеңіп алды.

Боксшы Геннадий Головкин Белградта өткен Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық боксшыларға үндеу арнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сербияда өткен Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын, - деп жазды ол Twitter-де.

Жігіттерді, жаттықтырушыларды және Кеңес Хамитұлы бастаған федерацияны лайықты нәтижемен құттықтаймын. Азия ойындарына одан әрі дайындалуға сәттілік. Алға, Қазақстан, - деп жазды Геннадий Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, Белградта өткен Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар бес медаль жеңіп алды: екі алтын (Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов), екі күміс (Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржанов) және қола (ұлттық құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов).

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды