Елордалық бойжеткен жігітін тонады

Zakon.kz
Оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

Нұр-Сұлтан қалалық тәртіп сақшылары ұялы телефонның ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғын полицияға Samsung G2 телефонын ұрлатып алғанын айтып, арызданды. Ол бейтаныс қызбен кездескеннен кейін ұялы телефоны жоғалып кеткенін айтты.

Жәбірленушінің айтуынша, таксиде бір қызбен танысқан. Бірнеше күннен кейін оны кездесуге шақырады. Кафедегі кездесуді қос жұп қонақүйде жалғастыруды шешеді. Жігіт ұйықтап жатқанда күдікті оның ұялы телефонын ұрлап, қонақүйден кетіп қалған, - делінген ҚР ІІМ сайтындағы хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұрлық жасаған 30 жастағы күдіктіні ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды