ШҚО-да аю атып алған тұрғын ұсталды

ШҚО ПД баспасөз қызметі
Күдікті аюды етін жеу үшін атып алған.

2021 жылдың 6 қарашасында рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Тарханка ауылының маңында өзінің тіркелген мылтығымен аю атып өлтірген Өскемен қаласының 51 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті оның етін жеке пайдалану үшін алғанын айтып, сондай-ақ болашақта сату мүмкіндігі жоспарымен аюдың табанын да тастамай өзіне алған.

ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: "Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы- Заңсыз аң аулау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген".

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 360-тан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, онда 605 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 394-і аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін анықталды. Сонымен қатар, 10 браконьер анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді