Қазақстанда өзіне Pfizer салдырта алатындар санаты кеңейеді

Zakon.kz
10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы келді.

Pfizer вакцинасын алатындардың тізімін кеңейтуді көзделіп отыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір біз шешім іздеудеміз. ВАК шеңберінде шешім әзірленуде, біздің азаматтарымыздың басқа санаттарының да осы вакцинаны алуы немесе оны қайта вакциналау үшін пайдалану мүмкіндігіне кімдер ие болатынын осы аптада жариялаймыз, - деді Мамин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып.

10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы келді. Жалпы, 2 миллион адамға есептелген 4 миллион доза сатып алынды. Немістің Biotech биотехнологиялық компаниясы Американың фармацевтикалық алпауыты Pfizer-мен бірлесіп шығарған вакцинасы әзірге жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты