Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын сатып ала алады

Zakon.kz
Қазақстандықтар Pfizer вакцинасымен ақылы негізде егілу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстандықтарға ақылы негізде егу үшін Pfizer вакцинасын сату ұсынылды. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алексей Цой Қазақстанға 379 мың доза көлемінде Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілгенін еске салды. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланған.

Оның айтуынша, қазір Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында осы вакцинамен егу басталды.

– Қазірге дейін 1313 бала, 247 жүкті және бала емізетін әйел егілді. ВАК тапсырмасына сәйкес, халықты қалауы бойынша вакциналау үшін КВИ-ға қарсы Pfizer вакцинасын коммерциялық нарықта ақылы негізде сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Қолдауыңызды сұраймын, - деді Цой.

Министрлер кабинеті оның ұсынысын қолдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды