Заңсыз дәрілік препарат дайындаған қылмыстық топ құрықталды

ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 млн теңгеден асады.

Заңсыз 60 000-нан астам қаптама дәрілік препарат дайындаған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған дәрілік препараттарды дайындау бойынша ірі астыртын цехті ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша, барлығы 60 000 астам қапталған "Ротоцеф", "Солкасерил", "Кальций Д3 никомед", "Цераксон" және т. б. сауда атауларымен шыққан күмәнді дәрілік препараттары тәркіленді.
Covid-19 пандемиясы кезеңінде болған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері дәрілік препараттарға арналған қорапшаларды дайындайтын баспахана және заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма, сондай-ақ одан әрі тексеру кезінде Алматы облысының Іргелі кентінде астыртын цехтің қызметі анықталды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 млн теңгеден асады.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 262-бабы 1-бөлігі ("Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу"); ҚР ҚК 323-бабы 3-бөлігі ("Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу") бойынша кінәлі деп танылды оларға 5,6 жылдан 7,6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз