МКК Ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов ОКҚ брифингінде ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өскенін хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.
Әнуар Сүлейменов мониторингте ірі бизнестің 342 субъектісі тұрғанын хабарлады. Оның 98-і жер қойнауын пайдаланушылар, 244-і экономиканың түрлі секторларындағы ірі салық төлеушілер. Оларға мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің 43,7%-ы және республикалық бюджетке 51%-дан астамы тиесілі.
Ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер жыл басынан бері 1 270 млрд теңгеге немесе 36%-ға ұлғайып, 3 302,3 млрд теңгені құрады. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер 840,1 млрд теңгеге немесе 50%-ға ұлғайып, 2 520,7 млрд теңгені құрады, - деп қосты спикер.Экономика секторлары бойынша түсімдердің ұлғаюы мынадай:
• көтерме және бөлшек саудада 26%-ға немесе 274,8 млрд теңгеге өсті;
• өңдеу өнеркәсібінде 17,4%-ға немесе 184,8 млрд теңгеге өсті;
• қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялардан 14,2%-ға немесе 151 млрд теңгеге өсті;
• құбыр арқылы тасымалдау 38,7%-ға немесе 33 млрд теңгеге өсті.Сүлейменов түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық реттеу сапасын жақсарту кезеңіне келгенін айтты.
Жалпы, 2021 жылдың 9 айында ірі салық төлеушілерге қатысты 34 салықтық тексеру аяқталды. Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша 46,5 млрд теңге салық мен өсімпұл қоса есептелді.