Боралдай тұрғыны арақтың танымал түрлерін қолдан жасап келіпті

Zakon.kz
Халық денсаулығы үшін қауіпті қолдан жасалған ішімдік мәселесі әлемдегі барлық елдер үшін өзекті.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1980 жылы туған бұрын сотталған азаматтың алкоголь өнімін дайындау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Боралдай кентінің тұрғыны «Хаома», «Хортица», «Беленькая», «Талка» маркалы суррогат алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз және жасанды есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып өндірген. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Тінту кезінде 11,5 мың акциздік маркалар, 110 литр құрамында спирті бар заттар, 120 бөтелке дайындамалар, станок, алкоголь өнімінің заттаңбасы, сондай-ақ жалған алкоголь дайындауға арналған басқа да заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды