Қазақстанда бала төлқұжатына салынатын мемлекет баж көлемі екі есе төмендетілуі мүмкін

Сурет: gov.kz
Сенат депутаттары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер енгізу" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы" заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен (27 600 теңге) 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендету ұсынылады.

Депутаттар атап өткендей, балалардың сыртқы келбеті тез өзгеріп отырады және 2-3 жыл ішінде төлқұжаттағы сурет баланың нақты түріне сәйкес келмейді. Осыған байланысты ата-аналар балаларға жаңа төлқұжат жасатуы керек болады. 

Осылайша, баланың төлқұжаты тек 1-2 сапарға ғана пайдаланылады, бұл өте қымбат, әсіресе отбасында бірнеше баласы болса.

Заң жобасында сотқа жүгінетін кезде борышкер адам үшін 0,3 АЕК мөлшерінде (1035 теңге) мемлекеттік баж мөлшерлемесі белгіленген және жеке адамның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін сотқа жүгінген кезде өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және соттың теріс шешімі болған кезде оны қайта жаңарту көзделіп отыр.

Сонымен қатар заң жобасында  мемлекеттік орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін қоспағанда, барлық санаттағы жердің өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу көзделеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?