Ерлан Қарин: Азаматтарымыздың шындап жұдырықтай жұмыла білген сәті болды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында елдегі соңғы оқиғалардың қазақстандықтарға қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдіктер мен полиция органдарының ғимараттарын басып алғанын көрдік, бұлар да мемлекетіміздің символы екені даусыз. Сөйтсек мемлекеттің рәміздер әрқайсысымыздың жүрегіміз бен санамызда екен. Сөйтсек, мемлекет деп жүргеніміз осындай сындарлы сәттерде өз мемлекетінің қорғанысы үшін тұра білетін, қорғай білетін ұйымшыл азаматтарымыз - сіз бен біз екенбіз.ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин

Ол тәртіпсіздік орын алған күндері "түні бойы қорғаныста тұруға дайын полиция қызметкерлерін" көргенін, биліктен көмек көрсетуді сұраған азаматтардың хабарламаларын алғанын атап өтті.

"Не істейік, оларға қалай көмектесе аламыз, көмектескіміз келеді"деп жазып жатты. Немен көмектесу керек дейсіздер ме? Ынтымақтастық! Ынтымақ, бірлік барлық жерде көрініс таба алады. Ол көшедегіге, полиция органдарына, қоғамдық тәртіпті сақтауда көмек көрсеткен жұмыстарымызда көрініс табуы мүмкін. Біздің көмегіміз - елімізге жасалып жатқан ақпараттық шабуылдарды тізгіндеп ұстау, өкінішке қарай орын алып қойып жатқан жалған ақпаратты таратпау. Шындығында, біздің азаматтарымыздың шындап жұмыла білген сәті болды.ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин

Бұған дейін ол Қазақстанда радикалды және террористік топтарды қолдана отырып, еліміздегі жағдайды тұрақсыздандырудың мүлде бөлек сценарийі сыналғанын айтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды