ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы жаңадан тағайындалды

Сурет: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік
Дархан Жазықбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалсын, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Жазықбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Дархан Жазықбаев 1976 жылы туған.

Білімі мен білігі:

Еңбек өтілі:

Ол әр жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Алматы заң институтында, академиясында оқытушы, Ішкі істер министрлігінің, Кадр жұмысы департаментінің аға инспекторы, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы болып жұмыс істеді. ҚР ІІМ академиясы Кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы, Парламенті Сенаты Аппараты әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі, «KEGOC» АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі болып қызмет істеген. 

2019 жылдың 20 маусымынан Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды