Кувейт биліктің елдегі жағдайды тұрақтандыруда қабылдаған шараларын қолдады

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Кувейт тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Кувейт мемлекетінің Сыртқы істер министрі Ахмад Нассер әл-Мұхаммед әл-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сұқбат барысында Кувейт министрі Әмірдің елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша Қазақстан билігінің қабылдап жатқан шараларына қолдау білдірген сөздерін жеткізді. 

Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған ҚР Үкіметінің алдына қойған, Қазақстанның қалыпты өмір сүру жағдайын қалпына келтіруге және қоғам мен экономикасын жаңартуға бағытталған жаңа міндеттері туралы хабарлады. 

Сонымен қатар, әңгімелесуші қос тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықты ары қарай нығайту, соның ішінде жоғары және аса жоғары деңгейлерде өзара сапарлар ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға назар аударылды, әсіресе АӨСШК шеңберіндегі ынтымақтастыққа.

Қазақстан
Тілеуберді Мұхтар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды