Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқына» қорына қанша қаржы аударды

Сурет: Zakon.kz
Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Қазақстан халқына» қорына 500 миллион теңге аударатын болды, деп хабарлады Zakon.kz

Turkystan.kz сайты бұған дейін «Қазақмыс», KAZ Minerals компанияларының өзі-ақ аталған қорға 25 миллиард теңге аударғанын жазған.

Ресми мәліметте Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорына 500 миллион теңге аударғаны айтылған.

Еске сала кетсек, «Қазақстан халқына» қорына бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ондайға қатаң тыйым салды. Өйткені қорға тек дәулетті кәсіпкерлер ғана ақша аударуы шарт.

Қазақстан
Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды