Ұлттық кеңес саяси реформаларды жалғастырудың негізгі бағыттарын талқылады

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2 ақпанда ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамаларына басымдық жасады. Аталған бастамалар бойынша саяси реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Осы орайда Ұлттық кеңес мүшелері саяси реформаларды одан әрі жалғастыру бойынша өздерінің ұсыныстары мен негізгі тәсілдерді қалыптастыруға қатысты ұстанымдарын ортаға салды. Сарапшылар демократиялық қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін және Жаңа Қазақстанды қалыптастырудың негізіне айналатын жүйелі саяси өзгерістерді әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Ұлттық кеңес құрылғаннан бері оның бастамасымен 23 заң қабылданды, бұдан бөлек 12 заң жобасы Орталық мемлекеттік органдар мен Парламентте қаралуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі