Атырау облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Сурет: ІІМ баспасөз қызметі
ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұрхат Оразбаев Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа басшыны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов таныстырды.

Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1991 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Гурьев педагогикалық институтын, Алматы жоғары тергеу училищесін, Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі академиясын бітірген.

Бұған дейін ол Атырау облысының полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстан
Тұрғымбаев Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы