Путин мен Си Цзиньпин сыртқы байланыстар туралы мәлімдемеге қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде өткен кездесуде халықаралық қатынастардың жаңа дәуірге өтуі және жаһандық тұрақты даму туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Кремль сайтында жарияланған құжатта тараптардың бірауыздан демократияның жекелеген мемлекеттердің артықшылығы емес, жалпы адамзаттық құндылық екенін, оны насихаттау және қорғау бүкіл әлем қауымдастығы үшін ортақ міндет екенін түсінетіні атап өтілді.

Мәлімдеменің бір бөлігі халықаралық жағдайға арналғаны аталды. Құжат мәтінінде «Ешбір ел өзінің қауіпсіздігін бүкіл әлемнің қауіпсіздігінен оқшауланып, басқалардың қауіпсіздігі есебінен қамтамасыз ете алмайды және оған міндетті емес» деп көрсетілген.

Құжаттың негізгі ережелерінің арасында егеменді елдердің ішкі істеріне сырттан араласуға, әлемдік қауіпсіздікке нұқсан келтіруге және «түрлі-түсті революцияларға» қарсы тұруға ниетті екені және тағы басқа мәлімдемелер бар.

Айта кетейік, 4 ақпанда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барды. Мемлекет басшылары Бейжіңде келіссөз жүргізіп, XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты.

Ресей
Қытай
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады