Қазақстан ҰҚШҰ аясында Украинаға бітімгершілік күштерін жібере алмайды – ҚР СІМ

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Украинаға бітімгершілік күштерін жібере алмайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоқ, бұл мүмкін емес, өйткені, өздеріңіз білетіндей, ҰҚШҰ жарғысында әскери немесе бітімгершілік күштерді пайдалану қатаң түрде шектелген. Оларды тек ҰҚШҰ кеңістігінде пайдалануға болады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді

Ол жақында ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Застың Донецк халық республикасы мен мен Луганск халық республикасына бітімгершілік контингентін жіберу мүмкіндігі туралы мәселеге түсініктеме бергенін еске сала өтті.

Бұл, ол айтып өткендей, гипотетикалық мәселе. Яғни, бұл іс жүзінде мүмкін емес. Ықтимал бағыт үшін, әрине, қарар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті мандаты қажет. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, БҰҰ-ның өз бітімгершілік күштері бар, сондықтан практикалық тұрғыдан мәселе көтерілген жоқ.Мұхтар Тілеуберді

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі түпкілікті позиция Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінде қабылданатынын хабарлаған еді.

Қазақстан
Тілеуберді Мұхтар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті