Халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей спортшыларын еліне қайтарды

Сурет: Twitter/Beijing2022
Ресейдің паралимпиада құрамасы жарысқа мүлде жіберілмей, еліне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kz сайтының жазуынша, Халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь спортшыларын бастапқыда бейтарап статуста қатыстырып, жалпы медальдық есепке қоспайтынын жеткізген. Кейін комитет Ресей спортшыларын мүлде жарысқа жібермей, еліне кері қайтару туралы шешімге келді.

Енді халықаралық ұйым бас ассамблеяның кезектен тыс жинын өткізіп, Ресей мен Беларусь федерацияларын мүшеліктен шығару мәселесін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұған қоса халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь елдерінде ешқандай шара ұйымдастырмайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін футбол, бокс, теннис, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар Ресей және Беларусь спортшыларын жарыстардан шеттетіп, аталған елдерде бәсеке өткізбейтінін мәлімдеген еді.

Ресей
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды