Константин Петров Қазақстанның 51 шет мемлекеттегі өкілдіктерінде референдумға қатысу үшін сайлау учаскелері құрылатынын мәлімдеді.
Бұл сайлау учаскелерінде тізім бар. Тізімдерге белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе шетелде ұзақ мерзімді іссапарда жүрген және Қазақстан азаматының жарамды паспорттары бар барлық азамат енгізілген.
Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іссапар және туристік сапармен келген Қазақстан азаматтары учаскелік комиссияға жүгінген кезде және Қазақстан азаматының жарамды паспорты болған жағдайда да есепке алынады. Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан тыс жерде орналасқан учаскелік комиссияларға шетелде жүрген азаматтарымызды тізімге енгізуге көмектеседі.Константин Петров
Жалпы, ОСК төрағасының орынбасары атап өткендей, жергілікті әкімдіктер референдум комиссияларымен бірлесе отырып, референдум өтетін күні сайлау учаскесіне келген азаматтың өзін тізімде тауып, Конституциямен кепілдік берілген құқығын еркін жүзеге асыра алуы үшін барлық шараны қабылдауы керек.