Жалпыхалықтық референдум: қазақстандықтар Ресейдің бес қаласында дауыс бере алады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның Ресейдегі дипломатиялық өкілдіктері Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдумда дауыс беру үшін бес сайлау учаскесін ұйымдастырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігі Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлады.

"18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары 2022 жылдың 5 маусымында №265 сайлау учаскесі орналасқан Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігінде дауыс беруге қатыса алады", - делінген хабарламада.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы Қазақстанның бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады. Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін ұсынылған форманы толтыру қажет. Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы керек

29 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өткізуді ұсынды. Түзетулерге сәйкес Мемлекет басшысының өкілеттігі қысқартылады, Парламенттің және жергілікті атқарушы органдардың рөлі едәуір күшейеді, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығая түседі, Конституциялық сот қайта құрылады, өлім жазасын түпкілікті жою шарасы бекітіледі және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы ережелер алынып тасталады.

Ресей
Қазақстан
Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз