Тәжікстандағы терроризмге қарсы операция: бір офицер қаза тауып, 13-і жараланды

Сурет: vkd.tj
Тәжікстан ІІМ Рушан ауданында экстремистік және террористік халықаралық ұйымдардың басшылығымен және қаржыландыруымен ұйымдасқан қылмыстық топ ТР ҰҚК Терроризмге қарсы арнайы бөлімшесінің автоколоннасына шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ тұтанғыш қоспа құтылары (Молотов коктейлі) қолданылды. Бір офицер қаза тауып, 13 әскери қызметкер ауыр жарақат алды. Тәжікстан ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтың 200 адамнан тұратынын хабарлайды. Олар "Душанбе – Хорог" тас жолы мен шекара комендатурасына баратын жолды жауып тастаған.

Қауіпсіздік қызметкерлері бірнеше рет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қаруды өз еркімен тапсыруды, елдің конституциялық құрылымдарына қарсы қарулы қарсылықтан бас тартуды сұрады. Алайда олар бұл өтінішті елемеді.

Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында елдің құқық қорғау органдары терроризмге қарсы операцияны бастады. Салдарынан сегіз сдыр бейтараптандырылды, 11 адам жараланды және террористік топтың 70-тен астам белсенді мүшесі ұсталды. Тәжікстан Республикасы ІІМ

Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ, жағдай тұрақты.

Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі