Білім министрі Асхат Аймағамбетов референдумда дауыс берді

Сурет: Facebook/Askhat Aimagambetov
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Референдумға қатысып, өз учаскемде дауыс бердім. Жалпы дауыс беру процесі өте жақсы ұйымдастырылған. Сайлаушылардың белсенді қатысуына қарамастан, комиссия мүшелері жұмыстарын тиянақты істеп жатыр. 2022 жылғы 5 маусым Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің біріне айналатынына сенімдімін. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда еліміздің Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстандықтар Конституциядағы түзетулерді жақтап, "иә" немесе қарсылық білдіріп "жоқ" деп дауыс береді.

Референдумда 11,7 миллионнан астам Қазақстан азаматы дауыс бере алады.

Қазақстанда барлығы 10 мыңнан астам референдум өткізу орны құрылған.

Әлемнің 52 елінде 65 сайлау учаскесі ашылды.

Референдумға тізімдерге енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, референдум өтті деп танылады.

Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік