Еуропалық одақ Қазақстандағы референдумға қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay
Еуропалық одақтың ресми өкілі Еуропалық одақ бұл референдумда Қазақстан халқы елдегі демократияны нығайтуға бағытталған маңызды конституциялық түзетулерді қолдады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ЕО қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін басталған әлеуметтік-экономикалық реформалармен қоса, 16 наурызда Президент Тоқаев бастаған саяси реформаларды құптайды. Біз сондай-ақ халықпен тікелей консультациялар өткізу және референдум барысын қадағалау үшін ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны шақыру жөніндегі шешімді құптаймыз. Болашақта Қазақстан үшін ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын толық орындау аса маңызды, делінген хабарламада.

Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды әрі құнды әріптес болып қала беретіні баса атап өтіледі.

Біз бейбіт жиналыстардың, пікір білдіру мен қауымдастықтың негізгі еркіндіктерін қоса алғанда, кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісіміміздің міндеттемелерін орындау, сондай-ақ байланыстарымызды, сауда және ынтымақтастығымызды дамыту үшін бірлесе жұмыс істейміз, делінген хабарламада.
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды