Қазақстан Өзбекстанда орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабыл алды – СІМ

Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады. Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз. ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ құзырлы ведомства бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенім білдірді.

Қазақстан Өзбекстамен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы Шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы Шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем, делінген хабарламада.

Айта кетсек, 1 шілдеде Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласында шерулер өткізді, содан кейін олар орталық дехкан базарының аумағына жиналып, заңсыз демонстрация ұйымдастырды.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз