Кремль Дмитрий Рогозиннің қызметінен босатылуына байланысты түсінік берді

Сурет: Twitter/РОГОЗИН
Кремль Дмитрий Рогозиннің "Роскосмос" басшысы қызметінен кетуіне оның кәсіби білігіне күмән келтіру дегенді білдірмейтінін баса атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новостиге РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Жоқ, ешқандай ескерту де, шағым да жоқ. Ондаймен байланысты емес. Ол жақта бәрі дұрыс, – деп жауап берді Дмитрий Песков журналистердің сұрағына.

Оның айтуынша, Рогозин өз уақытында жайлы орынға тағайындалады.

Айта кетсек, бүгін, 15 шілдеде Владимир Путиннің 2018 жылдың 24 мамырынан бастап соңғы төрт жыл бойы қызмет еткен Мемлекеттік корпорацияның басшысы қызметінен Дмитрий Рогозинді босату туралы шешім шығарғаны белгілі болды.

Оның орнына бұрынғы вице-премьер Юрий Борисов тағайындалды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін