ҰҚШҰ қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

Сурет: Қырғыз Республикасының ТЖМ
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) арада жүргізіліп жатқан келіссөздерді құптап, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанды жанжалды бейбіт жолмен реттеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚШҰ Хатшылығы атысты тоқтатылуын және Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекара қызметтері қолға алған келіссөздерді құптады.

Аталған күрделі шекаралық мәселені шешудің, шиеленісті жағдайды басудың және оны ушықтырмас үшін өзара қолайлы жолдар табылатынына сенімдіміз. Біз күш қолдануға мүлде болмайды деп санаймыз. ҰҚШҰ Хатшылығы

Ұйымдағылар орын алған жағдайды мұқият қадағалап отырғандарын және қазіргі қол жеткізілген бітім ұзақмерзімді сипатқа ие болатындығынан үміттенетіндерін жеткізді.

Жанжалды тек келіссөздер үстелінде шешу керек, одан әрі кісі өліміне жол берілмеуі тиіс. ҰҚШҰ Хатшылығы

Айта кетсек, 14 қыркүйекте қырғыздың Баткен ауданындағы Бұлақ-Баши аумағында атыс орын алды.

17 қыркүйек күні таңертең Тәжікстан минометтен Паскы-Арық ауылына оқ жаудырды.

Қақтығыс кезінде Қырғызстан тарапынан зардап шеккендер саны 103 адамға жетті.

Қырғызстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін