Әлеуметтік желіде Мейрам Қажыкеннің президенттікке кандидат ретінде ұсынылғаны туралы ақпарат пайда болды.
Кейінірек ол ақпаратты растады.
Иә, ақпаратты растаймын. Сенімді болып тұрмын әрі жеңіске деген сенімім де жоғары.Мейрам Қажыкен
Оның айтуынша, оның кандидатурасын Кәсіподақтардың республикалық қауымдастығы – "Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы ұсынған.
Азаматтық қоғамның қос тарапы – кәсіподақтар мен жұмыс берушілер, кәсіпкерлер өркениетті елдердегідей әлеуметтік және экономикалық сипаттағы түйінді мәселелерді бірлесіп шешіп жатқан кезде мен әлеуметтік әріптестікті жақтаймын. Әлеуметтік серіктестік азаматтық қоғамның екі ірі субъектілері кез келген негізгі мәселелер бойынша келісімге келген кезде болады.Мейрам Қажыкен
Мейрам Қажыкен 61 жаста, Павлодар облысының тумасы. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры, "Ынтымақ" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Елімізде президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталды.