Песков Путин мен Ердоған Астанада кездесуі мүмкін екенін айтты

Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Тайып Ердоған Астанада Ресей Федерациясы мен Батыс елдері арасында келіссөздер жүргізу мәселесін талқылауы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ердоғанмен Астанада Ресей мен АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания арасындағы келіссөздер жүргізу мүмкіндігі туралы мәселе талқылануы мүмкін. Дмитрий Песков

Түркия Ресей мен Батыс арасындағы келіссөздерді ұйымдастыруға ниетті екенін білдерген еді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Владимир Путиннің Астанадағы саммиттерге қатысатынын мәлімдеді. Ресей Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саммитіне және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.

12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) VI саммиті өтеді.

14 қазанда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтеді, онда мемлекет басшылары Достастық кеңістігіндегі интеграцияның барлық салаларын қамтитын мәселелерді талқылайды. Дәл осы күні "Орталық Азия – Ресей" саммиті өтеді.

Қазақстан
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі