Түрікменстан президенті Қазақстанға қазан айында келеді

Сурет: turkmenistan.gov.tm
15 қазанда Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияровтың айтуынша, бұл сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толатын жылы болып отыр.

Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сонымен қатар Қазақстан-Түрікменстан стратегиялық әріптестігін нығайтуға бағытталған.Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

Ол сапар барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауды жоспарлап отырғанын айтты. Шара нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. 2022 жылдың 15 наурызында Түрікменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті. Ол 72,97% дауыс жинады.

Қазақстан
Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті