Президенттіктен үміткер Нұржан Әлтаев қазақ тілінен емтихан тапсырды

Сурет: Facebook/Нуржан Альтаев
2022 жылы 11 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясында Нұржан Әлтаевтың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша Лингвистикалық комиссия отырысы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лингвистикалық емтихан үш кезеңді қамтыды.

Бүгін президенттікке кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Нұржан Бауыржанұлы жазба тапсырма бойынша "Біртұтас Алаш идеясы" тақырыбын таңдады. Екінші ауызша емтиханда Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романынан үзінді таңдалды. Ал үшінші көпшілік алдында сөз алған кезде "Бабалар аманаты" тақырыбын ұсынды. Барлық тапсырмалар бойынша Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді, - деді лингвистикалық комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы.

Айта кетсек, ҚР президенттігіне "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігі атынан үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаев 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған болатын

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды