Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды үгіт-насихат штабы өз жұмысын бастады

Сурет: Нұрлан Әуесбаевтың штабы
Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке ұсынылған кандидат Нұрлан Әуесбаевтың республикалық сайлауалды штабының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырысқа аталған партияның саяси кеңесінің мүшелері мен белсенділері қатысты.

Сайлауалды штаб үгіт-насихат науқанына кірісуге дайын. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы әзір, таратылатын материалдардың, сыртқы жарнаманың дизайны да әзірленді, өңірлердегі проблемалар туралы халықтың пікірін тіркеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Отырыста сөз алған партия басшысы үгіт-насихат жұмысы алдындағы атқарылған істерді қорытындылады. Оның айтуынша, ЖСДП кандидатын қолдау мақсатында еліміздің барлық өңірінде 121 мыңнан астам қол жиналды. Оның ішінде 119 мыңнан астам қол есепке алынды.

Өкінішке қарай, жиналған қолдың бір бөлігін аумақтық сайлау комиссиялары әртүрлі сылтаумен қабылдамай тастады. Соған қарамастан, біз заңнамаға сәйкес талап етілген көлемді оңай игердік, - деді сайлауалды штаб басшысы Асхат Рақымжанов.

ЖСДП кандидаты үгіт-насихат науқанын бастап та кетті. Ол Шахтинск қаласына аттанып кетті, онда 22 қазанда жергілікті сайлаушылармен кездесу жоспарланған.

20 қазанда Нұрлан Әуесбаевты Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеді.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды