Жигули Дайрабаевтың сайлауалды үгіт-насихат штабы өз жұмысына кірісті

Сурет: atameken.kz
Астанада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан президенттікке ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық штабтың басшысы Төлеутай Рахымбеков кандидатты баршаға таныстырып, сайлауалды науқан жұмыстарының жоспарларымен бөлісті.

Үгіт-насихат жұмыстары Қазақстанның барлық өңірінде жүргізіледі, атап айтқанда 88 қала, 30 ауыл, сондай-ақ 20 өңірде орналасқан 6000-нан астам ауылдық елдімекендерді қамтуды жоспарлап отырмыз. Біздің кандидат пен сенімді тұлғалардың сапарлары "Есіктен есікке дейін" форматында өтеді. Барлық іс-шаралар уақытында өткізіледі. "Ауыл" партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың бағдарламасы мен ұсыныстары өз жақтастарын табады деп үміттенеміз. Төлеутай Рахымбеков

Оның айтуынша, кандидатты қолдау штабтары республикалық маңызы бар үш қаланы қоса алғанда, еліміздің барлық 20 өңірінде орналасқан. Сондай-ақ, 164 ауыл-аймақтық аудандарда және 37 облыстық деңгейдегі қалаларда барлығы 222 штаб ұйымдастырылды.

Жигули Дайрабаев жиналған көпшілікті өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Менің сайлауалды бағдарламам біздің басты ұлттық артықшылықтарымызды: дала демократиясы қағидаттарын, жоғары рухани-адамгершілік мәдениетін, мықты аграрлық сала және мықты өңірлерді қалыптастыруға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталады. Ата-баба мұрасын қастерлеп, ұлттың болашағы үшін шын уайымдайтын әрбір қазақстандық менің бастамаларымды қолдайтынына және Қазақстан Республикасының одан әрі дамуы бойынша ортақ істе қозғаушы күшке айналатынына сенімдімін. Президенттіктен үміткер Жигули Дайрабаев
Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты