Президенттік сайлауда дауыс беру үшін 12 миллионнан астам бюллетень әзірленеді

Сурет: freepik
Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президент сайлауында қолдану үшін 12 миллионнан астам бюллетень жасалатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ОСК мәліметінше, "Сайлау туралы" конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, бюллетендер сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде резервпен дайындалады. Демек, 1 пайыз резервпен сайлауға 12 млн 69 мың 990 бюллетень әзірленіп, жасалады. Заң талаптарына сәйкес, сайлау бюллетендері сақталатын ғимарат толықтай мөрленіп, ішкі істер органдары күзетіне тапсырылады.

Ұсынылған сайлаушылар тізіміне сәйкес, біртұтас жалпыұлттық сайлау округы бойынша, 11 млн 950 мың 485 сайлаушы бар. Осы есепте ескере отырып, дауыс беруге бюллентендер әзірленіп, жасалады. "ҚР сайлау туралы" конституциялық заңның 12-бабының 6-тармақшасына және өзінің өкілеттіктеріне сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень формасы мен мәтінін, оларды дайындау тәрбітін сондай-ақ бюллетеннің қорғалу дәрежесін белгілейді. ҚР ОСК төарағасы Нұрлан Әбдіров

Сондай-ақ "ҚР Сайлау туралы" конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, сайлау бюллетеніне барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліппе ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылған және "Бәріне қарсымын" деген жол енгізілген.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты