Иран Қазақстан азаматтары үшін 14 күнге визасыз режим енгізді

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
2022 жылдың 11 қарашасынан бастап Қазақстан азаматтары жарты жылда бір рет Иранға визасыз бара алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров арнайы брифингіде мәлім етті.

Иран Ислам Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 11 қарашадан бастап екі ел арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді, бұл біздің азаматтарымызға Иранның аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 464 қаулысымен қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, іскерлік байланыстарды жандандыру және еліміздің туристік әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында Иран, Қытай мен Үндістанның азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі енгізілді. Осы шешім аталған шет елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында күнтізбелік 14 күнге дейін, 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы алғанда 42 күнге дейін визасыз болуға мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды