Асылек Смағұлов атап өткендей, 2022 жылы 22 қыркүйектен бастап сайлау науқаны басталған күннен бастап 18 қарашаны қосып алғанда, ОСК-ға 203 өтініш келіп түсті.
"Заңды тұлғалардан - 45 өтініш, жеке тұлғалардан – 120 және БАҚ-тан 38 өтініш келіп түсті. Оның 111-і - заңнаманы түсіндіру, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі сұрауларға жауаптар, 23-і - үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы БАҚ-қа арналған мәліметтер. Тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелерінде және аумақтық сайлау комиссияларының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша жеке тұлғалардан 15 сауал, ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын сайлаушылар тізімінен дербес деректерді кері қайтарып алу туралы 29 өтініш, сайлауға тікелей қатысы жоқ өзге де мәселелер бойынша 25 өтініш болды". ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов
Оның айтуынша, 103 өтінішке жауап берілді, 32-сі орындалу барысында, 8-і енді назарға алынды.
"Біз өтініштерге өз құзыреттеріміз бен өкілеттіктеріміз шеңберінде ғана жауап беретінімізді бірнеше рет түсіндіргенімізге қарамастан, ОСК құзыретіне жатпайтын мәселелер бойынша да арыз келіп түсуін жалғастыруда. Мұндай мағынада 60 өтініш болды. Олар мәселенің мәні бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды". ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов
Сондай-ақ, Асылбек Смағұлов ҚР АІЖК-нің 28-бабына сәйкес Жоғарғы сот бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша ҚР ОСК шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) дау айту туралы азаматтық істерді қарайтынын және шешетінін хабарлады.
Жоғарғы Сотқа жолданған 12 арыздың біреуін заңды тұлға ("Тәуелсіз бақылаушылар" бірлестігі) және 11-і жеке тұлғадан (Белсенді Әлнұр Ильяшев – бес рет, ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеле алмаған үміткер Нұржан Әлтаев – екі рет, ҚР Президенттігіне кандидат болып тіркеле алмаған үміткер Хайрулла Ғабжалилов – екі рет, заңгер Антон Фабрый мен Жұмағұлов мырза-бір-бірден) келіп түскен.
ҚР Жоғарғы Соты барлық талаптарды қанағаттандырудан бас тартты, себебі - талап қою тәртібінің бұзылуына байланысты.
Асылбек Смағұлов айтылған деректер ағымдағы сайлау науқанына байланысты азаматтардың өтініштерін қараудың аралық қорытындылары болып табылатынын атап өтті.