Сағат 20-00-дегі сайлаушылардың дауыс беруге келуі бойынша алдын ала мәліметтерді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Ерман жариялады.
Жалпы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республикамыздың 8 282 607 азаматы бюллетень алды. Бұл дегеніңіз тізімге енгізілген азаматтардың 69,31 пайызы. ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Ерман
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған дерекке сәйкес, астана уақытымен сағат 20.00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:
Абай облысы бойынша – 80,18,
Ақмола облысы бойынша – 78,87,
Ақтөбе облысы бойынша – 72,20,
Алматы облысы бойынша – 72,10,
Атырау облысы бойынша – 70,87,
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77,
Жамбыл облысы бойынша – 79,57,
Жетісу облысы бойынша – 81,43,
Қарағанды облысы бойынша – 78,39,
Қостанай облысы бойынша – 79,28,
Қызылорда облысы бойынша – 80,31,
Маңғыстау облысы бойынша – 66,18,
Павлодар облысы бойынша – 77,58,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24,
Түркістан облысы бойынша – 80,37,
Ұлытау облысы бойынша – 75,48,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49,
Астана қаласы бойынша – 48,67,
Алматы қаласы бойынша – 28,72,
Шымкент қаласы бойынша – 59,79 пайыз.
Сурет: ҚР ОСК
Сағат 20-00 уақытында еліміздің басым бөлігіндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру тоқтатылды.
2022 жылы 20 қарашада Қазақстанда президенттің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. ҚР ОСК деректері бойынша сайлаушылар тізіміне 11 950 485 Қазақстан азаматы тіркелген.