Кремль Қазақстанды маңызды серіктесіміз әрі одақтасымыз деп атады

Сурет: kremlin.ru
Қазақстанда өткен президент сайлауынан кейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу мен Астана арасындағы қарым-қатынасты бағалап, пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Песков Қазақстанды Ресейдің маңызды серіктесі және одақтасы деп атады. Ол Республиканың мемлекет ретінде дамуы Ресей азаматтарының мүдделеріне сай келетінін айтты, деп хабарлайды РБК.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпвекторлы сыртқы саясатқа жүгіну қажеттігі туралы сөзіне осылай пікір білдірді.

Бұған дейін Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаған болатын. Тоқаев қайта сайланып, өз лауазымын сақтап қалды. Путин Мәскеу мен Астана арасындағы қарым-қатынас достық пен өзара сыйластық негізінде дами беретінін атап өтті.

ТАСС хабарлағандай, Песков қараша айының соңында Орынбордағы өңіраралық ынтымақтастық форумына Ресей мен Қазақстан президенттерінің қатысатын-қатыспайтынын нақтылай алмады.

Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады